Құстардың күзгі көші-қон кезеңінде есеп-санақ жұмыстары жүргізілді

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында құстардың күзгі көші-қон кезеңінде есеп-санақ жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – аумақты мекендейтін және аумақ арқылы ұшып өтетін құстардың түрлік құрамын анықтау, олардың сандық көрсеткіштерін бағалау, сондай-ақ көші-қон барысын жүйелі түрде бақылау болып табылады.

Жиналған деректер резерваты аумағындағы орнитофаунаның қазіргі жай-күйін бағалауға және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ғылыми негізделген шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді.