2025 жылғы 14 қаршадан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында өрт қауіпі бар маусымы ресми түрде аяқталды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2025 жылдың өрт қауіпі бар маусымының аяқталуы туралы» 2025 жылғы 05 қарашадағы №27-03/291-НҚ бұйрығын негізінде, 2025 жылғы 14 қаршадан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында өрт қауіпі бар маусымы ресми түрде аяқталды.
Осыған байланысты, «Ақжайық» МТР РММ-нің өрт сөндіру техникаларын түгендеу және оны сақтауға қою жұмыстарын жүргізуде.
2025 жылға резерват аумағыында 11 өрт оқиғасы тіркелді.
Өрттің алдын алу мақсатында, жергілікті жеке қожалықтарға, аумаққа жақын елді-мекендерге өрттің алдын алу жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хат хабарлама жолданды.
Орманда өрт қауіпсіздік ережелерінің орындалуын және сақталуын, оның ішінде: өртке қарсы және профилактикалық іс- шаралар жұмыстары жүргізілді.