Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімі мамандары Табиғатты қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің мемлекеттік инспекторларына семинар сабағын өткізді.

Семинар тақырыбы:
«Резерваттың су айдындарында балықтардың тұншығуы қаупінің алдын алу шараларын түсіндіру».

Сабақ барысында инспекторларға су айдындарындағы оттегінің азаю себептері, балықтардың тұншығу қаупін ерте анықтау тәсілдері және алдын алу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру жолдары жан-жақты түсіндірілді.