Ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні
«Байтақ» жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалының депутаттары «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында табиғатты қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы атап өтіліп, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ортақ жауапкершілік мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта экологиялық бағыттағы бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамға үлгі көрсетуге және жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру арқылы экосананы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Д.К. Ескабулов пен мекеме мамандарын марапатталды.













