Аэрация – су экожүйесін сақтаудың тиімді жолы

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы су айдындарында аэрация жүргізу жұмыстары жүзеге асырылды. Мемлекеттік инспекторлар судағы еріген оттегінің деңгейін және су биоресурстарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Аэрация оттегінің мөлшерін арттырып, су организмдерінің тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл биологиялық әртүрлілікті сақтауға, судың сапасын жақсартуға және табиғи экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Табиғатты бірге қорғайық!