2026 жылғы 13 ақпанда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Дінмұхамед Қонаев атындағы орта білім беру мектебі оқушыларымен бірлесіп кәдімгі қарағай тұқымын егу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің бойында қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімді арттыру, көгалдандыру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. 🌱
