Браконьерлікке қарсы күрес күшейтілді!

Облыс прокурорының тапсырмасы негізінде қоршаған ортаны қорғау бағытында «Ақжайық» МТР мен жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен мобильдік топ құрды:
📌 Құрал-жабдықтар: 10 автокөлік, 2 аэроқайық, 5 квадрацикл, дрондар және арнайы техника

Атырау облысы бойынша нәтижесі:
• 513,6 кг заңсыз балық тәркіленді
• 57 балық аулау құралы мен 5 мотоцикл тәркіленді
• 36 адам әкімшілік жауапқа тартылды, 1 адамға қылмыстық іс қозғалды

Ескерту:
⚠ Қылмыстық кодекстің 335, 339, 339-1 баптары бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

🌿 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз!