2026 жылғы 17 ақпанда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында мекеме қызметкерлері, Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары және Пешной елді мекеніндегі шекара қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейдтің мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақта заң талаптарының сақталуын бақылау, браконьерлік пен өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында аумаққа тексеру жүргізіліп, азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
