🌿 19 наурыз – Жаңару күні!

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жаңару күніне орай табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көркейту мақсатында игі шара ұйымдастырды.

Іс-шара аясында №3 Приморский бекетінің аумағына 15 түп ағаш көшеті отырғызылып, мекеме аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл бастама ұжымның экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жанашырлықты насихаттауға өз үлесін қосты.

🌱 Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық!