Осы атаулы күнге орай, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы Еркінқала елді мекеніндегі «Нұрлы-Тал» этнопаркінде ұлттық спорт түрлерінен іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту.
Ұлттық ойындар арқылы қатысушылар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте сезінді.
✨ Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы! 🇰🇿
