🔹 23 наурыз – Тазару күні

Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты және “Спецавтобаза” ЖШС қызметкерлері бірлесіп, Еркінқаладағы Рыбоходный каналы бойында «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында сенбілік өткізіп, 40 түп қара ағаш және раушан тұқымдас гүлді ағаштар отырғызды.

Іс-шараға 70 адам қатысып, канал бойынан шамамен 480 кг қоқыс шығарылды.

🌿 Табиғатты бірге қорғайық!