Іс-шара барысында А.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірлесіп, құстарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 10 дана құс ұясы дайындалып, табиғи ортаға орнатылды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру, құстарды қорғау және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосу болып табылады.
Оқушылар орнатылған ұялардың маңыздылығы туралы ақпарат алып, құстардың тіршілігі мен оларды қорғаудың қажеттілігі жөнінде танымдық-түсіндіру жұмыстарымен танысты.
🌎 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!
