«1 сәуір – Халықаралық құстар күніне» орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бірлесіп танымдық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – құстар әлемін таныстыру, биоалуантүрлілікті сақтау маңызын түсіндіру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға құстарды қорғау, олардың тіршілік ортасын сақтау, сондай-ақ өңіріміздегі құстардың ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Семинар еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы мәліметтер алды.
🌿 Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық. Құстарды қорғау арқылы біз табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосамыз.
ХалықаралықҚұстарКүні #АқжайықРезерваты #BirdDay #Экология #ТабиғаттыҚорғау EcoAtyrau








