Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Атырау ауылдық округінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен бірлескен жиналыс өтті.
Жиын барысында өрт қаупінің алдын алу, резерват аумағына малдың еркін кіруіне жол бермеу және ретсіз мал жаю мәселелері талқыланды. Табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Табиғатты қорғау — ортақ міндет!




