🔹12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні аясында мемлекеттік инспекторларға семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Табиғат жылнамасын жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздері және фенологиялық бақылаулардың экожүйелерді ұзақ мерзімді мониторингтеудегі маңызы қарастырылды. Сонымен қатар, биологиялық әртүрліліктің маусымдық өзгерістерін тіркеу, деректерді жүйелеу және оларды табиғатты қорғау қызметінде тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.