“22 сәуір — Халықаралық Жер күні”, бұл 1970 жылдан бері тойланып келе жатқан, адамзатты қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатқа ұқыпты қарауға шақыратын маңызды мереке. БҰҰ 2009 жылы бекіткен бұл күні планетаны жасылдандыру, қоқысты сұрыптау және сенбіліктер өткізу арқылы ортақ үйімізді сақтауға үлес қосылады.
Осы атаулы күнге орай, №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектепте экологиялық акция аясында көгалдандыру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп ұстаздары, оқушылары және “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының мамандарымен бірлесе отырып, мектеп ауласына 50 түп тал көшеті отырғызылды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті! 🌱
