Күн тәртібінде:Ғылым және мониторинг бөлімінің жүргізген мониторингілік зерттеу жұмыстарының жылдық есебі.
1. 2021-2025 жылдарда атқарылған ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жүргізілген жұмыстарының есебі.
2. Күзет бөлімінің 2026 жылғы өрт қаупі мол маусымға дайындық есебі.
3. «Парктер шеруі – 2026» акциясының аясында өткізілетін іс-шаралардың жоспары.
Кеңес барысында «Қансонар» аңшылар мен аң шаруашылығы нысандары қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры А.Н. Ивасенкомен саладағы көпжылдық тәжірибесіне негізделген мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, резерват аумағындағы мониторингтік маршруттарды қайта жасақтау және оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.
