Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының 2026 жылғы мемлекеттік бағдарламасы аясында Жайық-Каспий бассейніндегі балық қорын сақтау, бағалау және биологиялық негіздемелер әзірлеу бағытындағы кешенді ғылыми жұмыстар жалғасуда.

Осыған орай, Жайық-Каспий бассейнінің Жайық өзені бойындағы Приморский және Право Яицкий каналдарында 2026 жылғы 27–30 сәуір аралығында ихтиологиялық сынамалар жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған ғылыми-зерттеу іс-шараларына “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлер С.Ж. Сабирова және И.В. Бофонов қатысуда.

Бұл жұмыстар су айдындарындағы балық ресурстарының қазіргі жағдайын анықтауға, оларды сақтау мен тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам болып табылады.