Табиғатты қорғау мен сақтау – үздіксіз бақылауды қажет ететін маңызды үдеріс. Осы мақсатта бөлім мамандары тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.
Мониторингтің негізгі маңызы – табиғи ортаның жағдайын бақылау, өзгерістерді дер кезінде анықтау және олардың себептерін талдау. Бұл жұмыстар экожүйенің тұрақтылығын сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және қоршаған ортаға кері әсер ететін факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Әрбір жиналған дерек – табиғатты қорғауға жасалған нақты қадам 🌿
