🔹 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы әріптесіміз Есенғалиев Шыңғысханды зейнеткерлікке шығуына байланысты құрметпен ұлықтады.

Іс-шара барысында ұжым атынан жылы лебіздер мен ақжарма тілектер айтылып, аз уақыт ішінде ұжым арасында беделге ие болып, жастарға өнеге бола білгені ерекше аталып өтті. Сонымен қатар әріптестері естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.