Мерекелік кездесуде музей саласының қоғамдағы орны мен ұлттық мұраны сақтаудағы маңызы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар музей қызметкерлерінің тарих пен мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа насихаттаудағы қажырлы еңбектеріне ризашылық білдірілді.
Осынау кәсіби мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ұлт мұрасын сақтау жолындағы абыройлы еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз арта берсін!


