Оқу-жаттығудың мақсаты – дала және табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтап, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру.
Жоспарға сәйкес, құрғақ ауа райы мен қатты желдің салдарынан резерват аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрттің елді мекенге таралу қаупі туындаған жағдай шартты түрде пысықталды.
Шартты өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері, резерват қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру жасағы және облыстық азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылды. Өрттің таралуына жол бермеу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылып, өрт санаулы уақыт ішінде ауыздықталды.
Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар қызметі, полиция департаменті, медицина қызметкерлері, орман шаруашылығы мекемелері, жергілікті атқарушы органдар, әскери бөлімдер мен азаматтық қорғау нысандарынан жалпы саны 200-ге жуық адам және 46 бірлік техника қатысты.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде дала өрттері кезіндегі күш-құралдардың жоғары дайындық деңгейі көрсетілді.
