Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының №27-04/60-жқ бұйрығына сәйкес, Махметова Назерке Талғатқызы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына 2026 жылғы 1 маусымнан бастап тағайындалды.
Осыған орай, ұжым алдында Резерват директоры Ж.Т. Муратуллин тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтады. Өз сөзінде оған жауапты қызметінде толағай табыстар тілеп, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.




