4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрметті дәріптейтін маңызды мереке.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіз еліміздің басты нышандары. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін! Отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт пен бақ-береке тілеймін.
Ізгі тілекпен,
«Ақжайық» МТР директоры
Ж. Муратуллин


