«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкер-ихтиолог маманы Сабирова Сымбат Жалғаспаевна қоршаған ортаны қорғау күні «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен табиғатты қорғау ісіндегі жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбегіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ ұжымы

