«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
2026 жылғы 14 шілде күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиынға мекеме директоры Ж.Т. Муратуллин, директордың орынбасары, бөлім басшылары, қызметкерлер және мемлекеттік инспекторлар қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп қағидалары түсіндіріліп, алдын алу шараларын күшейту бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізу тапсырылды.






