Атырау қаласына қарасты Тасқала елді мекеніне іргелес орналасқан Перетаска өзегі бойынан табиғи жағдайда Қызыл кітапқа енгізілген лотостың жаңа өсу аймағы анықталды.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары жүргізген зерттеу барысында өсімдіктің гүлдеу кезеңіне жеткені тіркелді. Лотостың таралу аймағы резерваттың сол жақ кластерінен шамамен 3–4 км қашықтықта орналасқан Перетаска өзегі бойында анықталып, экологиялық бағалау мен фотоқұжаттау жұмыстары жүргізілді.
Бұл ерекше табиғи құбылыс өңірдің биоалуантүрлілігінің сақталғанының маңызды көрсеткіші.





