«12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне» орай «Таза Каспий: өңіраралық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н. Т. Махметова «Каспий теңізі суының тартылуының «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігіне әсері» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тиімді қорғау мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының күзет жөніндегі орынбасары А. У. Дауылбаев пен ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н. Т. Махметова Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!








