12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне орай NCOC компаниясының ұйымдастыруымен Каспий теңізінің бірегей экожүйесі мен бай биоалуантүрлілігін қорғаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған онлайн және офлайн форматтағы кездесу өтті.
Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин және ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары Н.Т. Махметова қатысты.
Кездесу барысында Солтүстік Каспий өңірінің табиғи байлығын сақтау, экологиялық мониторинг жүргізу, биоалуантүрлілікті қорғау және табиғатты қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері Жайық өзенінің атырауы мен Солтүстік Каспийдің бірегей экожүйесін сақтау, сондай-ақ осы аумақта мекендейтін сирек кездесетін жануарлар мен құстарды қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, Қазақстанның биоалуантүрлілігі мен экожүйелерін сақтауда өнеркәсіптік компаниялар, мемлекеттік мекемелер және табиғатты қорғау ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар арасында мазмұнды пікірталас өтіп, қызметкерлер спикерлерге сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.


