«Таза Қазақстан» — тазалық пен табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының келушілері арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлығына ұқыпты қарау жөнінде ақпарат берілді.

🌱 Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет!
🤝 Таза Қазақстан — таза табиғат, таза болашақ!