24 тамыз күні Ақтау қаласында Каспий өңіріндегі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамалары бойынша алдын ала консультациялық кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелерді тұрақты басқару, айналмалы экономиканы дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ теңізді қоқыс пен пластикпен ластанудың алдын алуға бағытталған жобалардың негізгі басымдықтарын талқылау.

Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін бірлесіп шешу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және өңірдегі экологиялық жобаларды үйлестіру бағыттары бойынша пікір алмасылды.
Жиналыста “Ақжайық” резерваты аумағының өзгерістері, Каспий теңізі деңгейінің төмендеу құбылыстарына жаңаша көзқараспен, шекара шеңберін нақтылау туралы ұсыныстарын қосты.
Барша әріптестерге сәттілік !!!