«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин, директордың орынбасарлары және мекеме қызметкерлері «38. Соңғы нүкте» көркем фильмін тамашалады.
Драма-катастрофа жанрындағы бұл туынды табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың тағдырын арқау етеді. Фильмде адам өмірінің құндылығы, кәсіби жауапкершілік, достық, отбасы, ерлік пен қиын сәттегі таңдау мәселелері кеңінен қозғалады.
Картина қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етіп, табиғатты қорғау саласы мамандарының ерен еңбегі мен жанқиярлығын дәріптейді.


