Бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды

7 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Ілиясов Макаш Алмасұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2027 жылы бірлесіп өткізілетін іс-шаралардың жоспары талқыланды.

Тараптар алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.