2026 жылғы 7–8 қыркүйек күндері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ ұжымының қатысуымен онлайн форматта оқу өткізілді.
Оқу Zoom бейнеконференция платформасы арқылы ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарына сәйкес еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында өзара келісімге қол жеткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
🔹 Оқу барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек дауларын қарау тәртібі және келісу комиссиясының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шара ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек қатынастары саласындағы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.






