«Суда жүзетін және су маңы құстарының күзгі санағы» тақырыбында семинар өтті

Мемлекеттік табиғи резерват аумағында суда жүзетін және су маңы құстарының күзгі санағын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында күзгі көші-қон кезеңіндегі құстарды есепке алу әдістері, бақылау маршруттарын ұйымдастыру, құстардың түрлік құрамын анықтау және олардың санын тіркеу тәртібі қарастырылды.