«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығының мамандарымен кездесіп, «27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні» мерекесіне орай бірлескен іс-шара өткізу жоспарын талқылады.
Кездесу барысында алдағы іс-шараның мазмұны, өткізу форматы, қатысушылар құрамы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында туризмді, туған өлкенің табиғи байлығын танып-білуді және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
