«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілер арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
♻️ Келушілерге табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыс қалдырмау, табиғи аумақтарда белгіленген талаптарды сақтау және биоалуантүрлілікті қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
🌱 Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті!



