Танымдық дәріс өтті

2026 жылғы 15 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №7 орта мектептің оқушыларына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағында кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, құстардың алуан түрлері, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, табиғи аумақтарды қорғаудың маңыздылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🌱 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық білімін арттыру, табиғатты қорғауға деген қызығушылығын қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.