2026 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік инспекторы А.Қ. Бегімбековтің Атырау облысына экологиялық ахуал мәселелері бойынша жоспарланған жұмыс сапары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті.
Сапар барысында резерват аумағына әуеден бақылау жүргізіліп, Каспий теңізінің тайыздануына байланысты аумақта пайда болатын шаңды дауылдардың жағдайы қаралды.
Кездесу барысында резерваттың табиғи кешендерді қорғау және сақтау, өрттердің алдын алу, экожүйелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу, биоалуантүрлілікті сақтау және аумақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары таныстырылды.
Сондай-ақ резерват аумағындағы табиғи экожүйелердің қазіргі жағдайы, қоршаған ортаға әсер ететін факторлар және табиғи аумақтарды қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесуге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, аумақтық инспекцияның, облыстық экология департаментінің, облыс әкімдігінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
