Осы айтулы күнге орай Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау облысының туризмі: жаңа мүмкіндіктер мен басым бағыттар» тақырыбында өңірлік туристік форум өтті.
Форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин, ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова және мекеме қызметкерлері қатысты.
Форум барысында өңірдегі туризмді дамыту, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру, экологиялық туризмнің әлеуетін арттыру және Атырау облысының туристік мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. 🌿
🏅 Іс-шара аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері марапатталды:
- Маева Мирамгүл Беркалықызы – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен;
- Битималиев Нуржан Саинович – «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Еңбектеріңіз жемісті болып, туризм саласының дамуына қосып жүрген үлестеріңіз арта берсін! 🌿🇰🇿





