Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ақжайық» резерватының қызметкерлері марапатталды

Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бір топ қызметкеріне Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Н. Сыдықовтың Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.
Шара барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық туризмді дамыту және табиғи мұраны насихаттау бағытында еселі еңбек етіп жүрген сала мамандарының еңбегі ерекше атап өтілді.
Марапат иелеріне кәсіби қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер және табиғатты қорғау жолындағы игі істеріне толағай табыс тілейміз!