«Таза табиғат – тартымды туризм» туристік-спорттық сайысы өтті!

28 қыркүйек күні “27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне” орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығы» бірлесіп туристік-спорттық сайыс ұйымдастырды.

Сайысқа оқушылар, ұстаздар, резерват қызметкерлері және қонақ ретінде NCOC компаниясының маманы қатысты.

🌱 Шараның мақсаты – оқушылардың туризмге қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу және командалық рухты нығайту.

🏃‍♀️ Оқушылар арасында спорттық туризмнен командалық сайыстар өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталды.

🏆 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және “Алғыс” хаттармен марапатталды.

Таза табиғат – тартымды туризм! 💚