4 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

2 қазан күні “4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне” орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология мамандығында білім алатын 1 және 4 курс студенттеріне «Ақжайық» резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

🌿 Дәріс барысында резерват аумағында мекендейтін жануарлар дүниесі, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлері, олардың табиғи экожүйедегі маңызы, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, жануарлар дүниесін қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызын түсіндіру