7 қазан күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында резерваттың қызметі, биоалуантүрлілігі, экотуристік бағыттары және басқа да ақылы қызмет түрлері таныстырылды.
🎣 Сондай-ақ әуесқой-спорттық балық аулау тәртібі, рұқсат алу талаптары және табиғатты қорғау ережелері түсіндірілді.
🌱 Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.









