Тал жапырақты тергүл(Lythrum salicaria)


Биіктігі 80-140см тіке,қатқыл бұта. Жапырағы қандауыр тәрізді,жасыл,күзде қызыл түсті болады. Гүлдері тығыз,шырақ түріндегі масақтарға жиналған,қызыл қара көк,жұлдызша түрінде,кішкене,диаметрі 1 см-ге дейін болады. Гүл шоғы мол,тарамдалған,көлемді,ашық қызғылт-көк түстес, ұсақ жұлдызшалы гүлдерден тұрады. Маусым -тамыз айларында гүлдейді 2 айдан аса, маусымның соңынан суық түскенге дейін гүлдейді. Мүлдем кез келген жағдайларда- көлеңкеде, күнге,құрғақ немесе ылғал топырақта, тіпті, суда өсе береді. Өсімдіктің биіктігі 2 метрге дейін жетеді. Жапырақтары жасыл, ұзынша, ірі емес, сабағының жапырақтары мол болады. Отаны- Еуропа және Азия. Өзен жағалауларында, ылғалды шабындыктарда кездеседі.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *