Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Экология» мамандығы бойынша 3-курс студенттері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының кеңсесіне келіп, мекеме қызметімен танысты.
Кездесу барысында студенттер резерваттың негізгі қызмет бағыттары, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатты қорғау жұмыстары туралы мамандардан мәлімет алды.
🌱 Мұндай кездесулер болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
