Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына және “19 қазан – Құтқарушылар күніне” орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Джексенғалиев Унайбай Жұмабайұлы мен Катапов Мұбарак мерекелік медальмен марапатталды.
Марапаттарды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Н. Жаңабаев табыстады.
👏 Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Еліміздің қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріңіз абыройлы болсын!







