«ECO FORUM: ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ – ЭКОЛОГИЯ, ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

2026 жылғы 23 қазанда Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «ECO FORUM: Жасыл болашақ – Экология, энергия және тұрақты даму» атты облыстық экологиялық форум өтті.
🌱 Аталған форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова мен резерват мамандары қатысты.
🌍 Форумның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын насихаттау.