2 ақпан – Дүниежүзілік сулы-батпақты жерлер күні

         «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты сулы-батпақты алқаптардың, суда жүзетін жыл құстарының популяциясын сақтауда маңызы өте зор. Еуразия қоңыржай ендігінің кең жазығынан қыстау үшін Қазақстан арқылы Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшатын жыл құстары осы өңірде біраз тынығады, түлейді, май жинайды. Бұл жерде жылына екі рет көші-қон кезінде 280-нен астам құс түрі мекендейді, олардың ішінде көптеген сирек кездесетін түрлері де бар. Қалың қамыс қопалары ұя салушы құстардың мекендеу орны болып табылады.

         2009 жылдың 10 наурызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы Рамсар Конвенциясының тізіміне енгізілді.

         Айта кетейік, суда жүретін құстарға ең басты мекені саналатын сулы-батпақты жерлер туралы Конвенцияға 1971 жылы 2 ақпанда Иранның Рамсар қаласында қол қойылған болатын. Содан бері «Рамсар Конвенциясы» деген атаумен келе жатыр. Конвенцияның басты мақсаты барлық әлемде тұрақты даму жетістіктері ретінде сулы-батпақты жерлерді тиімді қолдану және сақтау болып табылады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *