Табиғатты аялайық!


Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
2024 жылдың наурыз айының 5-і күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары және Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің Биология және балық шаруашылығы кафедрасының М.С. Жумагулова және А.Б. Қуанова мамандарымен бірлесіп, 1-ші курс студенттеріне «Табиғатты аялайық» атты тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
Дәрістің басты мақсаты: қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Дәрістің соңында фотокөрмемен жалғасып, бетшелер таратылды.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *